Accessibility links

Бүгін Бағдадтың қақ ортасында полиция патрулінің жанында бомба орнатылған автокөлік жарылып, одан кем дегенде 10 адам қаза болып, 20-ға жуығы жараланды


Бүгін Бағдадтың қақ ортасында полиция патрулінің жанында бомба орнатылған автокөлік жарылып, полиция мен дәрігерлердің хабарлауынша, одан кем дегенде 10 адам қаза болып, 20-ға жуығы жараланды. Елдің солтүстігіндегі Киркук қаласында да автобомба өлке әкімін алып келе жатқан автокеруеннің жанында жарылып, одан тағы 14 адам жараланды. Әкімнің өзі дәін аман. Мосул қаласында көтерілісшілер полицияның бірнеше кеңсесін өртеп, көшеде қаруымен серуендеп жүр. Бүгін Ирақтағы сүннит мұсылмандарының бас қаласы болып табылатын Әл-Фаллуджада АҚШ-тың 2 тікұшағы зымырандар мен оқ тиіп, қонуға мәжбүр болды, қаза болғандар жоқ.
XS
SM
MD
LG