Accessibility links

Ясер Арафат мырзаның дүниеден қайтуына байланысты әлем бойынша әртүрлі көңіл айтуылар болып жатыр


Мысалы, Пәкістан мен Йеменде үш күндік аза тұту жарияланған. Ал, Франция елбасы Жак Ширак болса: “Палестина халқына және оның жауапты тұлғаларына мен достық және тілектестік сәлемімді жолдап отырмын. Әрине, Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылық жолында Франция жігерлі түрде жұмысын одан әрі жалғастырады. Әрине, Палестина халқының және Израйль халқының хұқықтарын сыйлай отырып”-, деді. Израйль өкімет басшысы Ариель Шарон болса Арафат өлімі палестиналықтармен бейбіт келісімге апаруы мүмкін деген үмітін білдірді. АҚШ елбасы Джордж Буш Арафат өлімі Палестина тарихындағы маңызды шақ деген пікірін айтты. Сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен мемлекет басшылары көңіл айтуларын жеткізуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG