Accessibility links

Ақмола облысының Атбасар ауданында зейнеткер полиция қызметкерін аңшы мылтығымен атып өлтірді

  • Ескендір ЕРТАЙ

Ақмола облысындағы Сочинское ауылында 63 жастағы зейнеткер күндізгі уақытта учаскелік инспектордың көмекшісі Серік Мұқамеджанов деген азаматты аңшы мылтығымен атып өлтірді. Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметінше көшеде мастықтың уытына беріліп жүрген әкелі балалы село тұрғындарын тоқтатып жөнге салмақ болған полиция қызметкеріне қару жұмсаған қария қылмыстық іске тартылды. Мұндай жан түршігерлік оқиға Ақмола облысында бірінші рет тіркеліп отыр. Ақмола облысы Атабасар аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Жұмат Сәрсенбаевтың айтуынша, қылмыстық оқиға қарашаның 11-інде күндіз орын алған.Осы ауыл тұрғыны 63 жастағы зейнеткер баласымен қосылып арақ ішіп, баласымен төбелескен. Мұны байқап қалған учаскелік инспектордың көмекшісі Серік Мұхамеджанов зейнеткердің баласын полиция бекетіне алып кеткен. Одан кейінгі оқиға былайша өрбиді.

Астана тұрғыны жазушы Смағұл Рахымбек: «Мұндай оқиғаны қарапайым нәрсе деп қарауға болмайды. Бұл салт дәстүріміздің, ата ғұрпымыздың жолынан жаңылғандық»,-дейді. Астана медициналық айықтыру мекемесі бастығының орынбасары Алтай Сәрсеновтің айтуынша, қылмыстық әрекеттің 80 пайызға жуығын маскүнемдер жасайтындығы белгілі болып отыр.Кезінде мектеп директоры болған 80-дегі зейнеткер Күләндә Мәлікқызы мұндай маскүнемдік оқиғалардың артып кетуін жастар тәрбиесінің бетімен кетуінен деп есептейді. Астана мешітінің найб имамы Махмұд Әнуаров болса, ішімдік ішу Исламдағы аса ауыр жеті күнәнің бірі дейді. Астана қалалық медициналық айқтыру мекемесі бастығының орынбасары Алтай Сәрсеновтың келтірген фактілерге қарағанда Қазақстанның бас қаласында жылына айықтырғышқа 25 мыңға жуық жасөспірім түнеп шығады.

Айықтырғышқа түнеушілердің 20 пайызы зейнет жасындағылар болып отыр. Басқа ұлт өкілдеріне қарағанда қазақтардың үлес салмағы маскүнемдердің үштен екісіне жеткен.
XS
SM
MD
LG