Accessibility links

Ирақтағы АҚШ армиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, Әл-Фаллуджа қаласының оңтүстігінде көтерілісшілердің бытыраған топтары қоршауға түсті


АҚШ-тың теңіз әскері өкілдерінің хабарлауынша, АҚШ пен Ирақтың бірлескен күштері Ирақтағы сүннит мұсылмандарының бас қаласы - Әл-Фаллуджаның басым бөлігін қадағалауына алды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қаланың солтүстігіндегі мешіт маңайында АҚШ жауынгерлері мен көтерілісшлердің арасында кескілескен қақтығыс болды. Кеше АҚШ-тың қорғаныс минисрі Дональд Рамсфелдь журналистерге Әл-Фаллуджада жүздеген көтерілісшінің оққа ұшқанын хабарлады, бірақ қаладағы шайқастың қанша уақытқа созылатынын тәптіштеп айтпады: “Менің анық білентінім: олардың, яғни көтерілісшілер кейбірі, Әл-Фаллуджаға шабуыл басталмай тұрып, қаланы тастап шықты. Біз білеміз, қаладан кетпеген жүздегені - оққа ұшты. Басқалары қолға түсті”.
XS
SM
MD
LG