Accessibility links

Палестина лидері Ясир Арафаттың денесі жатқан табыт тікұшақпен Иордан өзенінің Батыс жағалауына ұшып келе жатқан сәтте, Ракмаллаһта мыңдаған палестиндік бүгін күн батқанда оның сүйегі жерленуге тиісті кешеннің қабырғасына лап қойды


Жүздеген полицейдің олардың жолын кеспек болған әрекетінен нәтиже шықпай, олар қабырғалардан асып өтіп, қақпаны ашып, енді марқұм Арафаттың табытымен ұшып келген тікұшақты қарсы алуға мүмкіндік алды. Оның алдында Мысыр астанасы - Қайырда кеше Францияда қайтыс болған Палестина президенті Ясир Арафатпен қоштасу рәсімі болып өтті... Онымен қоштасуға 50-ден аса мемлекеттің басшылары мен сыртқы істер министрлері келді. Рәсім – қауіпсіздік мақсатында көпшілік жұрттан жабық өтті. Қоштасу рәсімінің артынша марқұм Арафаттың табыты тікұшақққа тиіліп, уақытша мазарға қойылуы үшін Иордан өзенінің атыс жағалауындағы Рамаллаһ қаласына жеткізіледі.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG