Accessibility links

Палестина президенті Ясир Арафаттың сүйегі жатқан табыт осы сағатта тікұшақпен Рамаллаға жеткізілді


Палестина президенті Ясир Арафаттың сүйегі жатқан табыт осы сағатта тікұшақпен Рамаллаға ұшып жетті. Мыңдаған палестиндік оны жерлеу рәсіміне қатысу үшін Палестина президенті кеңсесінің төңірегіне шоғырланды. Палестинаның қауіпсіздік күштері Арафаттың табытын жеткізген тікұшақты қоршап алған жұрт пен жиналған халықты тарқату үшін әуеге оқ атумен болды... Одан бұрын бүгін Мысыр астанасы – Қайырда Ясир Арафатпен қоштасу рәсімі өтіп, оған 40-тан аса мемлекеттік басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысты. Ясир Арафаттың бүгін жерленуіне байланысты Израильде қауіпсіздіктің қатаң шаралары қабылданды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG