Accessibility links

Ауыл тұрғындары кино көре бастайды

  • Гүлмира ХАМЗА

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тұрғындары алдағы сенбі, жексенбі күндері кинозалдан кино көре бастайды. Бұл Қазақстан үкіметінің ауылды жерлердегі мәдени ошақтарды қайта жандандыруға арналған шаралардың бір бөлігі. Аягөз ауданында тұратын азаматтарға кинозал ашу үшін, аудандық бюджеттен 1 миллион тенге көлемінде қаржы бөлінген, енді 40 орындық кинозалда күніне бірнеше рет киноқойылымдар көрсетіле бастайды.

Қараша айының 13 бастап, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тұрғындары кино әлемінде жарыққа шыққан туындылардың барлығын тамашалай алатын болады. Аудан тұрғындарына мұндай жағдай жасау үшін, жергілікті әкімшілік 1 миллион тенгекөлемінде қаржы жұмсаған. Аягөз ауданы әкімшілігінің қызметкері Нұрғали Әзімбаевтың айтуынша, бұдан 10 жылдай бұрын аудан аудан орталығындағы ескі кинотеатр өртеніп кетсен, сол уақыттан бері жергілікті тұрғындары кино көруден қол үзген. Нұрғали Әзімбаев, Аягөз ауданы әкімшілігінің қызметкері: -Жер серігі байланысының көмегімен іске қосылды. Бұл Алматы уақытымен белгілі уақыттары беріліп отыратын жүйе.

Қазақстан үкіметі осылай алдағы 6 жылда республиканың бар аймақтарындағы кинотеатрлар мен кітапханаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі халық шығармашылығы және өңірлік саясат бөлімінің бастығы Нұрболат Ахмеджановтың ойынша, бұл мақсатта түрлі шаралар іске асырылыпа жатыр. Нұрболат Ахмеджанов, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің халық шығармашылығы және өңірлік саясат бөлімінің бастығы -Кеңес Одағы кезінде бізде прокат жүйесі жақсы жұмыс істейтін, бір фильмді барлық облыс, аудандарда көрсетіліп шығатын. Қазір бұл прокат жұмысы тоқтаған, жұмыс істемейді. Сол себептен біз бұл мәселені қолға алып, түрлі шараларды іске асыруды қолға алдық. Кәтапхана, клуб және кинотеатрларды ретке келтіру керек, себебі ауылға тараған мәдениет ошақтарының түрлері осы. Бұл клубтар мен кітапханаларды ашу үшін, тиісті шаралар, тиісті жұмыстар іске асып жатыр.

Ал мәдениеттанушы Бахытжан Мекешев көп жылдан бері төмендеп кеткен ауылдың мәдени өмірін шағын уақытта жақсарту мүмкін емес. Бахытжан Мекешев, мәдениеттанушы: - Бүлінген дүние, шашылған дүние оның барлығын қалыпқа келтіру керек. Қазіргі кезде бұл мәселенің барлығы қағаз жүзінге шешіліп жатыр. Мәдениет танушы маман Бахытжан Мекішев ауылда тұратын қазақстандықтарға жағдай жасалғанын қолдайды, бірақ бұл бағытта атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі болса, деп тілейді.
XS
SM
MD
LG