Accessibility links

Абхазия республикасындағы оппозиция бүгін өз үміткеріне республиканың жаңа президенті ретінде қызметіне кірісуіне мүмкіндік беруді талап етіп, үкімет үйі мен президент кеңсесін және парламент ғимаратын басып алды


Грузияның сепаратистік Абхазия республикасындағы оппозиция бүгін өз үміткері Сергей Багапшқа республиканың жаңа президенті ретінде қызметіне кірісуіне мүмкіндік беруді талап етіп, үкімет үйі мен президент кеңсесін және парламент ғимаратын басып алды. Баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, президент күзеті олардың жолын бөгемек болып, ақырында күзеттің өзі кетуіне тура келді. Біздің тілшіміздің хабарлауынша, милициямен қақтығыста әуеге атылған оқтан 1 адам жараланған. Абхазия премьер-министрі Нодар Хашба үкімет үйін одан ертерек тастап шыққан көрінеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG