Accessibility links

Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харразидің мәлімдеуінше, Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша ЕуроОдақтың талабын мүмкіндігінше қанағаттандыратындай қадам жасады


Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харразидің мәлімдеуінше, Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша ЕуроОдақтың талабын мүмкіндігінше қанағаттандыратындай қадам жасады. Ұлы Битания, Германия және Франция бастаған ЕуроОдақ Иранмен оның уранды байыту бағдарламасын тоқтатып, орнына бейбіт ядролық технологияны алу жөнінде Парижде келіссөз өткізді. Кеше Иран ЕуроОдаққа өзінің ақырғы жауабын берді. Бірақ Брюссель Теһран берген жауаптың жай-жапсарын және онымен келісімге жеткенін хабарламай отыр. Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік МАГАТЭ – ЕуроОдақтың шешімін күтіп, Иранның ядролық бағдарламасы туралы баяндамасын әзірше тоқтатып тұр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG