Accessibility links

Сербия президенті Борис Тадич бүгін Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Косова өлкесінің тәуелсіздігі жөніндегі бастаманы Сербия қолдамайды деп мәлімдеді


Сербия президенті Борис Тадич бүгін Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Косова өлкесінің тәуелсіздігі жөніндегі бастаманы Сербия қолдамайды деп мәлімдеді. Ресейлік әріптесін Б.Тадич: “Тәуелсіз Косово – “Еуропаның қауіпсіздігіне қатер” туғызады”, -деп ескертіп, Мәскеу Сербияның осы өлкедегі мүддесін қолдайды деген үмітін білдірді. Мәскеуде жеке өзі өткізген баспасөз-маслихатында Сербияның мәдениет және ақпарат министрі Драган Коядинович Косово өлкесіндегі соғыс кезінде осы өлкеден босып кеткен 250 мыңға жуық сербті туған өлкесіне қайтару жөніндегі Белградтың талабын тағы еске салды.
XS
SM
MD
LG