Accessibility links

Грузияның сепаратистік республикасы – Абхазияның астанасы – Сухуми таяудағы ала-сапыран оқиғадан кейін баяу болса да үйреншікті қалпына келе бастады


Грузияның сепаратистік республикасы – Абхазияның астанасы – Сухуми таяудағы ала-сапыран оқиғадан кейін баяу болса да үйреншікті қалпына келе бастады деп хабарлайды ресми билік. Жуырда оппозиция өкілдері Сухумидегі барлық ресми билік мекемелерін басып алған болатын. Бүгін парламент күнделікті жұмысын жалғастырды. Абхазияның вице-президенті Валерий Аршбаның ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігіне хабарлауына қарағанда, үкімет үйі мен президент кеңсесі милицияның қадағалауына көшті.
XS
SM
MD
LG