Accessibility links

АҚШ армиясы Әл-Фаллуджа қаласындағы көтерілісшілердің қалдықтарына соққы беріп жатқан сәтте, Бағдадтың солтүстік-шығысындағы Бакуба және тағы бір басқа қаласында толқулардың шықты


АҚШ армиясы Әл-Фаллуджа қаласындағы көтерілісшілердің қалдықтарына соққы беріп жатқан сәтте, Батыс ақпарат құралдары Бағдадтың солтүстік-шығысындағы Бакуба және тағы бір басқа қаласында толқулардың шыққанын хабарлайды. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, бүгін таңертең Ирақ полициясы көтерілісшілер өзіне оқ жаудырған Бакуба қаласындағы мешітке шабуыл жасаған. Қарулы кісілер Бакуба қаласында еркін кезіп жүріп, Буһриз маңында полиция кеңсесіне бас салған. АҚШ әскері полицияға көмекке келген. Ирақтың батысындағы Рамади қаласында АҚШ армиясы мен көтерісішлер арасында кескілескен ұрыс өтіп жатыр. Бағдадтан оңтүсікке қарай орналасқан Суайраһ елді-мекенінде Ирақтың қауіпсіздік күштері мен көтерілісшілер қақтығысып қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG