Accessibility links

Лондондағы бас қосуда Қазақстан оппозициясының бірігу мәселесі сөйлесілген

  • Досан БАЙМОЛДА

Өткен жұма күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен «Евразиядағы Демократия» атты халықаралық конференцияға қатысқан қазақстандық оппозицияның жетекшілері қәзір қуғында жүрген Қазақстан үкіметінің бұрынғы басшысы Әкежан Қажыгелдинмен кездескен. Осы халықаралық конференцияға қатысып дүйсенбі күні кешкісін Алматыға қайтып оралған Қазақстанның Коммунистік партиясының хатшысы Төлен Тоқтасынов «Азаттық» радиосына берген сұқбатында Лондонда, қазақстан опозициясының жетекшілері опозицияның бірігуі жөнінде және алдағы 2006 шы жылы Қазақстанда өтетін президент сайлауына демократиялық-оппозициялық күштер атынан бір ортақ кандидатты ұсынуға келіскендіктерін хабарлады.

Бұл халықаралық конференцияға Қазақстаннан «Ақ Жол» демократиялық партиясының жетекшілері: Алтынбек Сәрсембаев, Ораз Жандосов және Болат Әбілов, Қазақстанның Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдіин және осы партияның хатшысы Төлен Тоқтасынов сондай ақ Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясының саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Хожахметов қатарлы адамдар қатысқан.

Қазақстанның Коммунистік партиясының хатшысы Төлен Тоқтасыновтың айтуынша Лондон қаласында негізінде Қазақстан оппозицясының серкелері біріккен оппозицияға опозициялық партиялардан басқа оппозициялық бағыттағы түрлі қоғамдық ұйымдарды да жәнеде соңғы кезде оппозициялық көзқарас, пікір айтып жүрген бұрынғы мәжіліс спикері Жармақан Тұяқбаев, бұрынғы облыс әкімі Заманбек Нұрқәділов секілді адамдарды да өздеріне тарту керектігіне келіскен.

Лондонда өткен халықаралық жиынды Ұлыбританияның үкімет басшысы Тони Блэрдің демеуімен құрылған халықаралық проблемаларды зерттеу ісімен айналысатын европадағы жетекші аналитикалық орталық «The Foreign Policy Centre» және бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі демократиялық өзгерістерді қолдау, азаматтардың саяси құқықтарын қорғау мақсатында жаңадан құрылған бейресми ұйым «International Freedom Network» екеуі бірлесіп осы халықаралық конференцияны ұйымдастырыпты.
XS
SM
MD
LG