Accessibility links

Ауғанстандағы “Ислам армиясы” ұрлап алып кеткен БҰҰ-ының 3 қызметкерінің тағдыры белгісіз


Ауғанстандағы “Ислам армиясы” ұрлап алып кеткен БҰҰ-ының 3 қызметкерінің тағдыры белгісіз. Оларды 28 қазанда Кабулдың қақ ортасында ұрлап алып кеткен аталмыш топтың өзі қойған талаптар орындалмаған күнде оларды өлтіреміз деп белгілеген соңғы мерзімі аяқталды. Ауғанстан үкіметі филипииндік дипломат және Солтүстік Ирландия мен Косово өлкесінен келген 2 әйел аман-есен босатылады деп үміттеніп отыр. “Ислам армиясы” тобының көсемі Мухаммад Ақбап Ағаның мәлімдеуінше, ол үшеуін не істеу жөнінде топ ішінде ортақ пікір жоқ көрінеді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG