Accessibility links

Ресейдің Конституциялық соты татар тілінде кириллицаның орнына латын әрпін пайдалану жөніндегі Татарстанның ұсынысын қанағаттандырмай тастады


Ресейдің Конституциялық соты ресми татар тілінде кириллицаның орнына латын әрпін пайдалану жөніндегі Татарстан Республикасының ұсынысын қанағаттандырмай тастады. Оны Ресейдегі барлық тілдер кириллицаны қолдансын деген 2002 жылғы заңға қарсы Татарстанның Жоғарғы соты ұсынған болатын. Татар парламентінің ғылым, мәдениет және білім жөніндегі комитетінің төрағасы Разил Валиев, “Азаттық” Радиосына Стамбұлдан телефон арқылы берген сұхбатында: “Конституциялық соттың бұл саяси шешімі бізді таң қалдырмайды. Бірақ біз онымен шектелмеуіміз керек. Біз үшін қалған жалғыз жол – халықаралық ұйымдарға, әсіресе Страсбургте орналасқан адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа жүгіну. Өзге жол жоқ”, -деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG