Accessibility links

АҚШ өкілі Иран уәдесі расталу керек дейді


Уран байыту қызметін тоқтатамын деген Иранның уәдесі - тиімді шаруа, уран байыту тоқтатылғаны расталу керек,- деп сипаттады АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Ричард Баучер. Америка Құрама Штаттары Иран ядролық қаруға ұмтылды деп айыптайды, Иран болса уран байыту энергетика тапшылығын шешуге керек деп айтып келеді. Иран, Британия, Германия және Франция арасындағы келіссөздер сәтті аяқталып, Иран уран байытуын тоқтатуға дүйсенбі күні уәде айтқан болатын. Иран парламентіндегі қатаң бағыт депутаттары келісімге сөгіс айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG