Accessibility links

Баск өлкесінде 17 сепаратист ұсталды


Испаниядағы Баск өлкесінде сепаратистік айып бойынша кеше 17 азамат ұсталды. ЭТА қарулы сепаратистік ұйымына қарсы операцияға қауіпсіздік қызметінің 150-ден аса қызметкері қатысты. ЭТА сепаратистік ұйымының саяси қанаты деп табылатын Батасуна радикалды басктар партиясы Испания үкіметін келіссөзге шақырған болатын. Үкімет ұсынысты қабылдамады. ЕТА ұйымы Баск елінің тәуелсіздігі үшін деген күресін 1968 жылы бастаған, осы кезеңде түрлі шабуылдарда 800 ден астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG