Accessibility links

Кондолиза Райс АҚШ сыртқы істер министрлігіне ұсынылды


АҚШ президенті Джордж Буш ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Кондолиза Райсты сыртқы істер министрлігіне ұсынды. Кондолиза Райсты барлық американдықтар біледі, ол әлем көпшілігінеде мәлім, соңғы төрт жылда жоғары кәсіби деңгейін танытты, - деді президент Буш. Кондолиза Райс бұрынғы президент Джордж Буштың кезінде ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Совет Одағы қатынастары жайында кеңесші болған, жасы елуде, орысша біледі. Кондолиза Райс ұлттық қауіпсіздік кеңесші қызметін орынбасары Стефен Хедлейге тапсырмақ. Райстың кандидатурасын сенат бекіткенше Колин Пауел сыртқы істер министрі қызметін орындай береді. Колин Пауелдың орынбасары Ричард Армитейджде қызметінен кетіп жатыр. Президент Буштың әкімшілігінде 15 министр болса олардың алтауы жаңарып жатыр.
XS
SM
MD
LG