Accessibility links

Студенттер кредиттік оқу ақысының қымбаттауына наразы

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқу ақысы қымбаттамақ. Бұл жағдай кредиттік жүйе бойынша оқып жатқан студенттердің қарсылығын туғызуда. Қарашаның 17-і күні парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Тәңірберген Бердіоңғаров осы мәселеге байланысты Еуразия ұлттық университетінің 149 студентінің Білім және ғылым министрінің атына жазған шағымын жария етті. Осы мәселені бүған дейін де көтерген депутат Тито Сыздықовтың сауалы бойынша Мәжіліске Білім және Ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев келуі керек еді. Алайда, депутат Тито Сыздықов министрден жауап алғанын айтып, мәселені күн тәртібінен алдыртып тастады.

Депутат Тито Сыздықов мәселені күн тәртібінен алып тастау себебін қазіргі Мәжіліс депутаттарынан қолдау таппаймын ба деген күдіктен туғанынан айтады. Өйткені, бұл мәселені екінші шақарылымда болған депутаттар қолдаған, ал, қазіргілердің көбін танымаймын дейді. Ал, Астанадағы Еуразия ұлтттық университетінің 149 студентінің кредиттік оқу ақысының қымбаттауы көзделуінің заңдылығын сұраған шағымын Білім және ғылым министрінің атына жолдаған депутат Тәңірберген Бердіоңғаров Білім министрілігі қабылдаған шара негізінде барлық санаттағы студенттер, оның ішінде кредиттік жүйеде оқитын сутденттердің оқу ақысын қымбататту көзделуде. Осы орайда кредиттік оператор болып отырған білім министрлігінің қаржы орталығы үш жақты келісмді бұзып бір жақты тәртіпте аталған құжатқа өзгеріс енгізуге бастама етуде. Кредит бағасының өсуі бірінші курс және бітіруші студенттерді қамтиды дейді.

280 мың теңге кредит алуға келісімге қол қойған студенттерге университетті бітіргеннен кейін қосымша 180 мың теңгеге келісімге қол қоюға талап ету көзделуде дейді депутат Бердіоңғаров.

Ал, Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова министрліктегі қаржы орталығының қосымша келісім шарт дайындағанын, келісім-шарт ішінде инфлияция өсу есебінен бағаның өсуі жайында бір пунктің жазылғанын айтты.

Еуразия университетін бесінші курс студенті Индира Арыстанбекова болса оқу ақысының қымбаттауы жағдайымызды қиындататын болды деп отыр.

Ендігі сөз Білім және Ғылым министрінің өзінде болмақ. Себебі Мәжілістің келесі жалпы отырысына білім министрі келетін болды.
XS
SM
MD
LG