Accessibility links

В.Путин: Мәскеу бүкіл әлемде теңдесі зымырандық-ядролық жүйе жасалып жатыр және таяу жылдары ол жаңа қару қарулы күштердің жарағына беріледі


Ресейдің қорғаныс министрлігі басшылығымен бүгін өткізген мәжілісінде президент Владимир Путин елде теңдессіз зымырандық-ядролық жүйе жасалып жатыр және таяу жылдары ол жаңа қару қарулы күштердің жарағына беріледі деп мәлімдеді. Оның ерекше атап көрсетуінше, Ресей басшылығы қарулы күштерін, оның ішінде ядролық қаруын жетілдірумен тиянақты да үнемі шұғылданатын болады. Қорғаныс министрлігі алдында келесі жылдың соңына дейін әскер түрлерінің құрылымы мен құрамын және санын осы күні төнген ғаламдық қатерге, оның ішінде халықаралық терроризмге сәйкестендіру туралы міндет қойылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG