Accessibility links

Абхазия полициясы үкіметке бағынбаймыз деді


Абхазия полициясының басшылары Абхазия үкіметінің бұйрықтарына бағынбаймыз деп мәлімдеді кеше. Полицияның 50 шақты басшысы қол қойған мәлімдемеде бас министр Нодар Хашба аласапыранға әкелді, мұндай үкіметке бағыну мүмкін емес делінеді. Абхазиядағы жағдай 3-ші қазанда өткен президенттік сайлаудан кейін дағдарысқа тап болды. Абхазия сайлау комиссиясы оппозиция басшысы Сергей Багапш жеңіске жетті деп жариялаған болатын. Бірақ қазіргі президент Рауль Хаджимба сайлау әділ өткен жоқ деп мойынсұмай отыр. Абхазия Грузиядан іс жүзінде 1990-шы жылдардың басында бөлінген. Грузия ресми орындары Абхазия сайлауын мойындамады. Абхазия шын мәніде Грузия құрамындағы ел дейді ресми Тбилиси.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG