Accessibility links

АҚШ Ресейдің жаңа қаруына алаңдаулы


Ресейде жаңа ядролық қару пайда болды деген жаңалықты ресми Вашингтон сабырлықпен қабылдады. Ресей президенті Владимир Путин кешегі сөзінде ешбір елде жоқ жаңа ядролық зымыран жүйесін сынақтан сәтті өткіздік деп мәлімдеді. Ақ үй өкілі Скотт Макленнан бұл біз үшін жаңалық емес, президент Джордж Буш және Владимир Путин жағдайды кезінде талқылаған деді. Ресей қару жарағын мұқият жетілдіріп жатқанын білеміз, Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы жағдайда деп айта аламын, - деді Скотт Макленнан. Путин мен Буштың жақын қатынасы бар, дабыл қағудың қажеті жоқ, дегенмен, Вашингтонның алаңдаушылығы да жоқ емес, - деді Ақ үй өкілі Скотт Макленнан.
XS
SM
MD
LG