Accessibility links

Ресейдің әлемде жоқ су жаңа ядролық қаруды иемденетіндігіне қазақстандық бірқатар сарапшылар таңданбайтындығын айтуда

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Жақын уақытта Ресей әзірге әлемде дүниеге келе қоймаған мүлдем жаңа ядролық қаруды иемденетін болады деген еді елдің бас қолбасшысы Владимр Путин өзінің сәрсенбі күнгі қарулы күштер жетекшілерімен өткізген мәжілісінде. Онда Ресей басшысы елге халықаралық терроризммен қатар басқа да қауіптердің туындап отырғанын тілге тиек ете отырып, алдын-алу шараларын осылайша байқатқан. Алайда ресми Мәскеудің бұл ұстанымына қазақстандық бірқатар қорғаныс саласының сарапшылары, саясаттанушылар мен саясаткерлер түрліше пікір білдіріп отыр.

Ресей мемлекетінің дүниежүзінде жоқ су жаңа ядролық қаруды жақын болашақта иемденетіндігі жөніндегі ақпарға қазақстандық сарапшылар таң қала қоймайтындықтарын айтып отыр. Оның себебін олар, Америка Құрама Штаттарының ендігі уақытта жүргізетін саясатымен байланыстыруда. Яғни ядролық қаруы бар державалардың одан әрі бір-бірімен жарыса құрсаулануы қазірдің өзінде көзге ұрып тұр дейді. Бұдан басқа да Ресейдің қазіргі уақыттағы елдің қорғаныс саласын күшейтуге барлық мүмкіндіктерін жұмсауы жөніндегі президент Владимир Путиннің пікірлері соның жарқын көрінісі екенін айтады біз тілдескен сарапшылар. Запастағы полковник, әскери ғылымдардың профессоры Ким Серікбаев қазіргі әлемдік саясаттың ядролық державаларды құрсаулана түсуге итермелеп отырғанын айтады. Ал халықаралық терроризмді ондай қарулардың күшімен шешу мүмкін емес дейді.

Алайда саясаттанушы Берік Әбдіғалиев Ресейдің бұл қадамы түрліше қауіптерді желеу етіп, сыртқы саясаттағы өз ұстанымдарының беріктігін білдіруі дейді.

Дегенменде кәсіби дипломат Мұрат Әуезов сыртқы саясатпен қатар Ресей өзінің ішкі мәселелеріндегі тұрақтылық үшін де осындай қадамдарға барып отыр дейді.

Ал саясаткер Балташ Тұрсынбаев Ресейдің ядролық қарудың иесі ретінде оны жетілдіріп отыруы қалыпты жағдай дейді.

Қалай дегенменде Ресей өзінің бұл қадамымен әлемдік саясат айдынында осал ойыншы емес екендігін көрсеткісі келген сыңайы бар дейді бірқатар сарапшылар.
XS
SM
MD
LG