Accessibility links

Алматыда Ғали Мырзашевтың жеке көрмесі ашылды


Ғали Мырзашев – сахна өнері, кітап безендіру, кино және көркемсурет салалалырын қамтып жүрген суретші. Ол өнердің әртүрлі саласын игерсе де, өзінің ішкі ойларын бейнелеу өнері арқылы жеткізуде. Осы күндері Алматыда Ғали Мырзашевтың « Уақыт жолдары » жеке көрмесі жұмыс жасауда. Әртүрлі образдарға жүгінген суреттердің бас кейіпкері кешегіні сағына, бүгінгіні сұрыптай, тынымсыз өз бағытын іздеген, нәзік үмітпен болашаққа ұмтылған сүрлеу бейнесінің философиялық маңызы зор.

«Уақыт жолдары» атты жеке сурет көрмесі ашылған сәтте ерекше әсем әуен басталды. Көрмеге қойылған 51 туындының авторы Ғали Мырзашевтың айтуынша, бұл әуен осы көрмеге арналып шығарылған екен. - Мен өзім шеберханамда радионы өшіріп тастап, тыңқылдаған домбыра үнін сағынатынмын. Сондан, өте талантты інім Қуаныш Оралбекұлымен менің келіншегім өзі дыбыс режиссері, сол үшеуміз қосылып осында музыка жаздық.

Ғали Мырзашев – сахна өнері , кітап безендіру, кино және көркемсурет салаларын қамтып жүрген өрісі кең суретші. Ол өнердің әртүрлы саласын игерсе де, өзінің ішкі ойларын тек бейнелеу өнері арқылы жеткізуде. Дегенмен, 1997-ші жылға дейін менде, түрлі- түсті бояулармен ашық суреттер салып келдім дейді суретші. Сөйтіп, бір жолы Мажарстанға кезекті сурет көрмесіне барып келген соң, менің туындыларым құнсыз екендігін сезіндім дегенді айтты. - Өзім қатыстақ көрмеге келіп қарасам менің де суреттерім көпшіліктермен бірдей «мені де сатып алшы» деп тұрғандай болды. Сол кезде маған өзіме өзімнің тілім, өзімнің тақырыбым болу керек деген ой келді. Содан кейін бір жылдай еш көрмеге қатыспай, өзімді өзім іздеуге тырыстым.

Ғали Мырзашев, бір жыл уақыт ішінде мен өз ойымды қағаз бетіне түсіре алатындай, көрерменге ой бере алатындай жағдайға жеттім, дегенмен, қандай стилдегі суретшілер қатарына жататынымды әлі де білмеймін дейді. - Философиялық символизм сияқты. Өйткені мен бір суреттерде бірнеше тақырыптарды қозғауға тырысамын. Менің суреттерімде куб, шар, содан кейін күңгірт түс, ай кеңестігінде айқыш-ұйқыш сүрлер жатыр. Өткенімді аңсап, ыстық көңілмен сағынып. Ал, бүгінгіні сұрыптап, көп нәрсемен «келіспеймін» деп. Өйткені бұрынғыдай ауада романтика жоқ, пәктік жоқ. Мансапқорлық, ақша қуушылық билеп кеткендей. Ол да менің суреттерімде көрсетілген. Одан кейін болашаққа деген сенім жоқ емес.

Ғали ағай бейнелеу өнері, өнердің басқа түрдеріне қарағанда ерекшелеу дегенді айтып отыр. - Сурет айғайды, дыбысты керек қылмайды. Жалпы өнерде көрермен оны ойлап ары қарай жетілдіретіндей қабілеті болу керек. Суретші Есенғали Садырбаев, Ғали Мырзашевтың көрмесінде қойылған туындылар қарапайым көрерменге алғашқыда түсініксіз болуы мүмкін дегенді айтты. -Кей жерлерде көрермен туындының түсі де , техникасыда суық деп ойлауы мүмкін. Дегенмен, ол оның өз ойы. Бұл жерде тек қана автордың филасофиялық ойын тыңдап , түсінуге тырысу қажет.

Ал автордың өзі, өз туындыларым арқылы ойымды көпшілікке еркін жеткізе аламын дегенді айтып отыр. - Мен көп нәрсеге келіспеймін, қабылдағым келемейді. Сондықтан, бұл менің ішкі дүниемді шығару.

Бүгіндері басталған көрме Алматыдағы орталық көрме залында желтоқсан айының 1-іне дейін жалғасатын болады.
XS
SM
MD
LG