Accessibility links

Көкнәр шикізаты өсімінің күрт өсуі нәтижесінде Ауғанстанның “есірткі мемлекетіне” айналатын түрі бар


БҰҰ-ының бүгін таратқан мәлімдемесіне қарағанда, көкнәр шикізатының күрт өсуі нәтижесінде Ауғанстанның “есірткі мемлекетіне” айналатын түрі бар. мәлімдемеде атап көрсетілгендей, апиын – енді Ауғанстан экономикасының “негізгі қозғаушы күшіне” айналды және жергілікті халықтың ең басты кәсібі болды. БҰҰ-ының есебі бойынша, Ауғанстандағы есірткі саудасының жылдық айналымы 2.8 млрд. долларға жетті немесе Ауғанстандағы жалпы ұлттық өнімнің 60 пайызын құрап отыр. Героин есірткісінің шикізаты болып табылатын апиын – Ауғанстанда бұрын бүкіл әлемдегі героиннің үштен бірі өндіріліп келген болса, енді 87 пайызы шығатын болды.
XS
SM
MD
LG