Accessibility links

Көрші Судан елінің Дарфур өлкесіндегі ахуалды талдау үшін БҰҰ-ы Кенияның астанасы – Найробиде “төтенше кеңес” өткізуде


Найробидегі бүгінгі және ертең жалғасатын кеңес – БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің соңғы 14 жылдан бері Нью-Йорктегі штаб-пәтерінен сыртта өткізген бірінші сессиясы болып отыр. Дипломаттардың атап көрсетуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің бұл сессиясы Судан үкіметі мен осы елдің оңтүстігіндегі бүлікшілерді 21 жыл бойы жалғасып келе жатқан азамат соғысын доғаратын жан-жақты келіссөзді үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқтауға шақыратын жаңа Қарар қабылдайды деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG