Accessibility links

БҰҰ жанындағы Бас Ассамблея Иран еліндегі Адам хұқықтарының, оның ішінде әйел хұқының қорғалуына орай арнайы шаралар қабылдауда

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

БҰҰ жанындағы Бас Ассамблея Иран еліндегі Адам хұқықтарының, оның ішінде әйел хұқының қорғалуына орай арнайы шаралар қабылдауда. Атап айтқанда елдегі баспасөз жайы мен жанқинаулардың қолданылуы және әйелдерге қарсы кемсітушілік әрекеттерінің орын алып отырғаны арнайы атап көрсетілуде. Бас Ассамблея жанындағы Адам хұқықтары бойынша комитет Ирандағы сот және жазалау жүйесінде реформалардың жүргізілуіне және діни негіздегі кемсітушіліктерді жоюға шақырып отыр.

Ирандағы адам хұқықтарының сақталуы жайына екі жыл бойы алаңдаушылық білдіріп келе жатқан БҰҰ жанындағы Адам хұқықтарын қорғау комитеті арнайы қарар қабылдады. Бұрқаралық ақпарат құралдарын қысымда ұстау, әйелдер мен ұлттық азшылықтарға қарсы қолданылатын жан қинаулар және кемсітушіліктерді ауыздықтайтын реформалар қабылдауға шақыру осы қарарда қамтылған. Комитет мүшелерінің 69-ы бұл қарарды жақтап, ал 55-і қарсы болып дауыс берген. 51-і болса, қалыс қалған. Қарар жобасы Бас Ассамблеяда келесі айда мақұлданбақшы. Аталған қарар жобасын Канада елі осымен екінші жыл қолдап отыр. Канаданың БҰҰ-дағы елшісі Алан Роктың пікірінше: “Өз ойларын ашық білдіру хұқынан айрылғандар және үнсіз қуғындаудан запа шеккен азшылық, сондай-ақ кемсітушілік пен қиындықтар, кейде қолжұмсауларға тап болып жатқан әйелдер өмірін жеңілдетуді біз мақсат тұтқандықтан да осы қарарды ұсынып отырмыз”-, деді Рок мырза.

Қарарда сондай-ақ жақсы қадамдар да қамтылып отыр. Мысалы, БҰҰ өкілдерінің Иранға баруы, адам хұқықтарының сақталуына байланысты Иран мен бірнеше елдер арасындағы сөйлесулер атап айтылған. Қарардың мақсаты жоғарыда айтылған істердің орындалуын міндеттеу емес. Алайда оның символдық мәні зор.

Ирандық өкіл Пайманех Хастех қарарда айтылған айыптаулар негізсіз-, деп отыр. Хастех ханым “өткен жылғы Захра Каземидің Иран түрмесінде қаза болуына орай елдегі жанайқайларға байланысты осы қадамдарға барып отыр”-, деп Канада елін айыптады. Каземи ханымның өліміне қатысты істі жабуға өткен жазда Иран соты ұмтылған болатын. Бұл әрекеттер Канада тарапының, атап айтқанда Нобель сыйлығының иегері Ширин Ебадидің бастауындағы топ тарапының жан айқайын тудырған болатын. Хастех ханым бұл істі Иран сот жүйесі одан әрі зерттеуде, деген пікірін ортаға салды.

Бұл қарар жобасына дауыс беру табиғаты да БҰҰ-ның күткеніндей болды, дейді Азаттық радиосының БҰҰ-дағы тілшісі Роберт МкМахон. Еуропа елдері мен Құрама Штаттары және Латын Америкасы елдері қарарды қолдап дауыс берген. Ал, Ислам елдері мен дамушы мемлекеттер қарсы шыққан-, дейді мақала ауторы. Қарсы болушылардың пікірінше, бұл қарар нәтижесі жеміссіз болып, сондай-ақ комитет ішінде ала- ауыздық туындатпақшы. Ислам конференциясы ұйымы атынан сөз сөйлеген пәкістандық өкіл Билал Хайенің пікірінше, қарар адам хұқының сақталуын жақсартуға қызмет етпейді. Сондай-ақ, Түркменстан, Беларусия сияқты қарсы болушы елдердің өздеріне де қатысты осындай сыни қарарлар қабылдануда екен. Қарарды жақтап дауыс берген 40 ел ішінде Құрама Штаттары және Еуропа одағына мүше 25 ел бар. Ал, қарсы болушылар қатарында Ресей мен Орта Азиялық 5 мемлекет және Армения, Әзірбайжан елдері бар.
XS
SM
MD
LG