Accessibility links

Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов Өзбекстан президенті Iсләм Кәрімовпен кездесу үшін ертең Бұхараға келуге тиіс


Түркімен-өзбек келіссөздерінің барысында трансшекаралық өзен суы мен шекара проблемаларына және өзара экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ден қойылады деп күтілуде. Франс Пресс агенттігі өзбек сыртқы істер министрлігінің өкілі Ильхом Зәкіровтің “Бұл – екі президенттің соңғы 4 жылдағы алғаш кездесуі болады” деген сөзін келтіреді. Зәкіровтың атап көрсетуінше, екі лидердің өзара талдайтын көп мәселесі бар көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG