Accessibility links

Франция президенті Жак Ширак британ премьері Тони Блэрмен келіссөз өткізу үшін Лондонға келді


Бұл 2 күндік сапар - Франция мен Ұлы Британия арасындағы жүздеген жылдарға созылған жанжалды бітімге жеткізген тарихи келісімнің 100 жылдыға аясында болып отыр. Әйтсе де, дипломаттардың пікірінше, екі ел арасындағы қарым-қатынас салқындаған. Жак Ширак Ираққа деген сыни көзқарасынан бас тартқан жоқ. Би-Би-Си-ге берген сұхбатында ол: “Ирақты басып алған АҚШ пен Ұлы Бриатния терроризмге дем берді”, -деп мәлімдеді. Келіссөзге қатысқан Т.Блэрдің өкілі Ирақ мәселесі бойынша екі лидер ашық теке-тіреске барғанын айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG