Accessibility links

Фаллуджадағы көтерілісшілер талқандалды деп мәлімденді


АҚШ Теңіз десанты әскерінің жоғары өкілі, генерал-лейтенант Джон Сеттлер Фаллуджада бекініс тапқан көтерілісшілер енді шабуыл жасай алмайтындай талқандалды деп сипаттады кешегі мәлімдемесінде. Фаллуджа қаласында көтерілісшілер тапқан тыныш бекіністі бұздық, енді олар бас көтере алмайды, - деді Джон Сеттлер. Фаллуджа қаласындағы 10 күндік шайқастарда 1200 көтерілісші қаза тапты, 1000 аса көтерілісші тұтқынға түсті делінді. Ирақ үкіметі Фаллуджа қаласындағы операция сәтті аяқталды, қалада медициналық қызмет ретіне келеді деп айтты. Фаллуджа қаласында кеше жеке қақтығыстар жалғасып жатты. Мосыл қаласында мина шабуылы болды, Бағдад, Байджи, Киркөк қалаларында бомбалар жарылды.
XS
SM
MD
LG