Accessibility links

Франция мен Британия Ирақ соғысы жайындағы араздығын тежеді


Британия бас министрі Тони Блейер және Франция президенті Жак Ширак кеше Лондонда кездесіп, Ирақ соғысы жайындағы қарамақайшылықтарын тежеді. Баспасөз мәслихатта Тони Блейер Британия және Франция Ирақты тұрықты да демократиялық ел ретінде көргісі келеді деді. Жак Ширак Ирақ соғысы мәселесінде ғана араз болдық, әділдігін тарих айтады деді. Екі ел басшысы Таяу Шығыс бейбітшілік құбылысын қайта қолға алуға келісті, Иран, Ауғанстан, Балкан, Африка мәселелерінде, ғаламдық ауа райының өзгеруі мәселесінде тығыз жұмыс істеп отырмыз деді.
XS
SM
MD
LG