Беларус үкіметі адам құқықтарын өрескел бұзып жатыр деген мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында дауысқа салынбай қалды. Мәселе кеше талқыланды, Беларусқа шара қолдануды талқылау Ресей ұсынысы бойынша кейінге қалтырылды. Беларус жайындағы қаулы жобасын кіргізген АҚШ және Еуропа Одағы Беларуста оппозиция белсенділері жоғалып кетеді, сайлау науқандары бұрмаланады, демонстрацияға шыққан азаматтар мен журналистер соққыға жығылады және тұтқындалады деп алаңдаушылық танытып отыр. Беларус өкілі айыптаулармен келіскен жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?