Accessibility links

Темекі шегудің зияны қаншалықты?

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Темекі шегіп жүргеніне отыз жыл болған дәрігер, сенатор Бексұлтан Тұтқышев: темекі жүрек пен өкпеге үлкен зиянын тигізеді. Соны біле тұра өзім темекі шегуді тоқтауға қанша талпынсам да , қиынға түсіп жүр-дейді: -Өкінішке орай өзім дәрігер бола тұра темекі шегем. Қанша қоям деп талпынсам да болмайды. Күніне бір қорап темекі шегемін. Оның жүрек пен өкпеге тигізер зияны зор. Темекі шеккенше күніне 50 г арақ ішкен жөн. Ол қан айналымының жақсы жүруіне көмектеседі. Бүгінде әйел адамдардың темекі шегуде белсенділік танытып жүргені белгілі. Депутат Бексұлтан Тұтқышев болашақ ана-қыз балалардың темекіге жақын болуы жанға батады дейді. -Әсіресе қазақ қыздары арасында темекі шегушілер кьбейді. Ол денсаулыққа зиян. Қыз деген болашақ ана, ертең одан туған бала да аурушаң болады. Темекіні бір бастаса тоқтату қиын. Жүкті болғанда да әйел адамдар шеге береді. Күніне төрт темекі шегетін Айя есімді қазақ қызы: Темекі шегуді мектеп қабырғасынан , 11-ші сыныпта оқып жүріп бастадым. Темекіні еріккеннен шегемін.Қазір қыз балардың шылым шегетініне ешкім таң қалмайды, шеккің келе ме өз еркің. Оның денсаулыққа зиян екенін де білемін- дейді. Темекі шегуді тоқтатқанына он бес жыл болған Мәжіліс депутаты Ұзақбай Қараманов темекіні отыз жыл шектім, бірақ оны қою оңайға түскен жоқ дейді: -Темекіні қою қиын. Оны шекпесең ұйықтап жатқанда түсіңе кіреді. Темекінің адам денсаулығына әкелер зияны көп. Өзім осы темекінден қолқа ауруына шалдықтым. Темекіні қйоғанан бері темекі шегетіндерді жек көрем. Біздің Парламенттің Мәжіліс залының алдында темекі шегушілерден ол жер көк түтінге айналған. Темекі шегудің алдын алу және тиым салу туралы заңда көрсетілгендей темекіні жалпы жарнамалаудан алып тастау мәселесі бар. Алайда қазір Астана көшелерінде темекі жарнамалары жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ құсап қаптап кеткен.Бір өкініштісі Парламентке қабылданған заңды қадағалауға мүмкіндік берілмеген дейді депутат Ұзақбай Қарманов: -Бізге қабылданған заңды қадағалау құқығы берілмеген. Заң бойынша тиым салынғанмен көшелерде темекі жарнамалары әлі күнге дейін ілініп тұр. Оларды жауапқа тартып, айып-пұл төлетіп жатқандар да жоқ. Егер заңның орындалуын талап етіп, жауапқа тартса онда заң жүзеге асар еді. Астана қаласындағы жанұялық дәргерлік амбулаторияда қызмет етін дәрігер Алмагүл Ахмедияқызының айтуынша, анкологиялық ісік ауруларының, өкпе ауруының тууына себеп болатын осы темекі. Темекіні көп жылдар бойы шегетін адамдарда өкпе ауруы асқынып, оның арты анкологиялық ісік ауруының пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Туберкулез ауруының асықнуы да осы темекі шегуден болады. Қазір жасөспірімдер арасында темекі шегу етек жаюда. Ол денсаулықтарына зиян. Темекіге қарсы күрес мәселесіне байланысты Темекі шегудің алдын алу және тиым салу туралы заң осыдан екі жыл бұрын қабылданған болатын.
XS
SM
MD
LG