Accessibility links

Батыс Қазақстанда жарылған газ құбыры жөнделіп, іске қосылған

  • Досан БАЙМОЛДА

Осы қарашаның 17 сі күні «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агентігі Ресейдің «Газпром» компаниясының өкілінің айтқан; осы қараша айының басында Батыс Қазақстанда жарылған газ құбырының салдарынан биылғы жылы Украйна шамасы 1,5 млрд текше метр түркімен газын кем алады деген мәлімдемесін жариялаған болатын. Алайда, Қазақстанның ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрамына кіретін, Қазақстандағы барлық газ құбырларының дұрыс жұмыс істеуіне жауап беріп олардың қызметін бақылап отыратын «КазТрансГаз» компаниясы болса қарашаның 18 і күні ресми түрде Батыс Қазақстанда орын алған газ құбыры жарылысы салдарынан Ресейдің «Газпром» компаниясына жіберілетін түркімен газының көлемі 523 млн текше метр болды деп хабарлады.

Қазақстанның ұлттық «КазТрансГаз» компаниясының қоғамдық байланыс департаментінің менежері Мәдина Мақанованың айтуынша осы қараша айының басында Батыс Қазақстан облысы жерінде жарылған газ құбыры жөнделіп, қәзір түркімен газын тасымалдау ісі жоспар бойынша жүріліп жатыр.

«КазТрансГаз» компаниясының мәлімдеуінше 2004 жылдың қараша айының 18 і күнгі жағдаймен Қазақстанның газ тасымалы жүйесі жоспарлы тәртіп бойынша яғни тәулігіне 130 млн текше метр түркімен газын, 13 млн қазақ газын «Бейнеу» газ бекеті арқылы қабылдап, арықарай өткізуде. Алайда біз хабарласқан «КазТрансГаз» компаниясының өкілі Мәдина Мақанова осы қазақ жері арқылы өтетін түркімен газы үшін Қазақстан қандай пайда көреді, оның бюджеттік қазынасына қанша тиын тебен түседі деген сұрағымызға жауап беруден бас тартты. Саясаткер Әзімбай Ғалидың пікірінше бұл газ тасымалы саудасынан Қазақстан онша көп пайда көрмейді, мінеки газ құбыры жарылғаннан болып қыруар зиян шегіп отыр. Бірақта ол туралы ешкімде айтпайды.

Ал, Қазақстандағы «Табиғатты қорғау қозғалысының» төрағасы Мелс Елеусізовтың пікірінше ең көп зиян шегетін ол қоршаған орта, экология болмақ.
XS
SM
MD
LG