Accessibility links

Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ашылды


Қарашаның 19-ы күні Алматыда Орталық мұражайда Орталық Азия елдерінің дәстүрлі қөлөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ашылды. Жәрмеңкеге Өзбекстан Қырғызстан Тәжікстан, Түркменстан және Қазақстан елдерінің 120-дан астам қолөнер шеберлері қатысты.

Қарақалпақстандық қөлөнерші Әншім Хан бүгінгі жәрмеңкеде келушілер назарына көрпе-жастық пен қалыңдық киімдерін ұсыныпты. Әншім Хан: “өнімдерімізге шет елдіктердің сұранысы жоғары. Кәсіпорын жарымжан мүгедек 16 қызды жұмыспен қамтып, материалдық қолдау көрсетіп отыр”, дейді: -Мақсатымыз қыздарымызға шеберлікті үйрету, ұлттық қолөнерімізді жаңғырту. Қарақалпақстанда қолөнер жақсы сақталған. Сол қолөнерімізді кеңірек насихаттасақ дейміз.

Ал зергер Сержан Баширов: “Қазақстанда өкінішке орай, ұлттық қолөнер кенже қалып отыр” дейді: -Кеңес одағы кезінде бәрінен бас тарттық қой. Бір кезде ұлттық қолөнердің шын жанашырларын өздерімізге жау санадық. Соның салдарынан бүгінде барымыздан айырылып қалудың алдында тұрмыз. Меніңше үкімет қөлөнерді қолдау керек. Қолөнерді дамытатын бағдарламалар жасалу тиіс. Қөлөнершілерге қолдау білдірілсе, оны дамытатын болсақ қазіргі елдегі жұмыссыздықты да азайтуға болар еді. Әсіресе солтүстік өңірлерде ұлттық өнеріміз ұмыт болды десе де болады.

Жәрмеңкеде келушілер назарына Орта Азия халықтарының қолданбалы өнерінің үлгілері ұсынылды. Белгілі Риштан ұрпақтарының қыш шеберлерінің тостаған табақтары, Маргелан тоқымашыларының бұйымдары, қырғыз қолөнершілерінің жүннен жасалған сырмақтары мен қазақ шеберлерінің күміс пен былғарыдан жасалған әсем бұйымдары ұсынылды.
XS
SM
MD
LG