Accessibility links

Түркменстан және Өзбекстан елбасылары Бұхара қаласында кездесті


Сапармұрат Ниязов және Ислам Каримов мырзалар бүгін осы кездесу барысында достық қарым-қатынастар қарарына қол қойды. Екі жақты мәселелерде, атап айтқанда суды бірге пайдалану, сауда деңгейін көтеру, қос ел арасындағы бір-біріне барыс-келісті жеңілдету сауалдарына байланысты бұл мемлекеттердің ұстанған бағытының ұқсас екендігін елбасылары алға тартты. Түркменбашының айтуынша Әмудария суын бөлісіп пайдалану жөніндегі 1996-шы жылы қол қойылған келісімге орай жұмыс істеу үшін арнайы жұмысшы тобын құруға екі жақ келісті. Шекаралық аймақтар тұрғындарына виза мәселесінде арнайы жеңілдіктер жасалмақшы. Жоғарғы дәрежедегі бұл кездесу қос елбасы арасында төрт жылдан бері алғаш рет болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG