Accessibility links

АҚШ Иранның беталысына алаңдаушылық танытты


Иран уран затын байытуға аса үлкен көлемде дайындап жатыр деген мәліметке алаңдаулымыз деп мәлімдеді АҚШ. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Адам Ерели мәлімет рас болса Иран жайында қатты күмән пайда болады деді. Бір қатар ақпарат агенттігі Иран ядролық қаруда пайдаланылатын газды аса үлкен көлемде өндіріп жатыр деп хабарлады кеше. Иран 22 қарашада уран байыту қызметін тоқтатуға уәде айтқан, бәлкім Иран сондықтан асығып отырған шығар дейді ақпарат агенттіктері есімдері жарияланбаған Венадағы дипломаттарға сілтеме жасап. Иран ядролық бағдарламасының бастығы Хұсейн Моусавян мұндай мәліметтерді жалған деп тапты. Халықаралық атом энергетика агенттігінің алқасы Иран ядролық бағдарламасы мәселесін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне берген жөн бе деп сейсенбі күні Вена қаласында ақылдаспақ.
XS
SM
MD
LG