Accessibility links

Ертең Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтеді


Додаға бас министр Виктор Янукович және оппозиция басшысы Виктор Ющенко түсіп отыр. Үгіт нәсихат науқаны кеше өз ара қатты сын жағдайында аяқталды. Виктор Ющенко Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында жеңісіме сенімдімін, сайлау ашық өтсе деп тілеймін деді. Үкімет сайлауды бұрмалап, Януковичке жығылса қолдаушыларымды көшеге шығарамын, - деп ескертті оппозиция басшысы Ющенко. Ал үкімет жағындағы үміткер Янукович Киев стадионында жиналған халыққа қайырылып, араздыққа апаратындардың жетегінде кетпеңіздер деп үндеу айтты. Сайлауды бақылауға АҚШ Сенаты сыртқы істер комитетінің төрағасы Ричард Лугар және Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Борис Грызлов келді.
XS
SM
MD
LG