Accessibility links

Путин, Буш және Ху Чилиде кездеседі


Ресей президенті Владимир Путин және АҚШ президенті Джордж Буш бүгін Чилиде Азия-Тынық мұхит саммитіне қатысып жатыр. Халықаралық жиында еркін сауда қатынастарын ұлғайту, терроризмге қарсы серіктестікті арттыру талқыланады. Кеше Сантьяго қаласында ондаған мың халық көшеге шығып, саммитке сын айтты, президент Буш пен Ирақтағы соғысқа наразылық танытты. Кейбір азаматтар тас пен молотов коктейльдерін лақтырған соң полиция күш қолданды, 100 шақты адам қамауға алынды. Буш пен Путин жеке кездесіп, Солтүстік Корея және Иран ядролық бағдарламалары мәселесін, Ирақтағы жағдайды, басқада мәселелерді талқыламақ. Буш пен Путин Қытай президенті Ху Дзинтаомен жеке-жеке кездеспек.
XS
SM
MD
LG