Accessibility links

Алматыда ауылдың тыныс-тіршілігі тақырыбында сурет салатын суретші Иассауи Ағытаевтың көрмесі өтуде


Алматыдағы “Ұлар” көркемсурет галереясында “Иассауи күндері” өтіп жатыр. Қызылордалық суретші Иассауи Ағытаев “Ұлар” галереясының шақыруымен Алматыға біршама туындылары алып келіп, көрмеге қойыпты. Суреттерімнің басты тақырыбы Сыр өңіріндегі ауылдардың көріністері дейді суретші Иассауи Ағытаев

- Ауылдың көріністері, үйлер. Былайша айтқанда этнографиялық көріністер деге болады. Ауылдағы халық қалай тұрады соны шынайы бейнелеуге тырыстым.

Иассауи Ағытаевтың ауыл тақырыбындағы суреттері ең алдымен, оларда ауылға тән, қарапайым көріністердің бейнеленуімен ерекшеленеді. Әрбір сурет ауылдағы тіршіліктің бір қырын көрсетеді. Суретшінің өзі суреттерінің салыну жолын сансыз кадрлардан құралған “камералық” әдіспен жазу деп атайды.

-

Бұл жұмыстар бір-бірімен өте байланысты. Кәдімгі кинокадрлар секілді әр көрініс келесісін толықтырып отырады. Өрістен қайтқан мал, ошақ басында кешкі астың қамындағы әйелдер, су тасып келе жатқан қыздар деген сияқты.

Иассауи Ағытаевтың еңбектері Қазақстаннан бөлек Ресей, Франция, Австрия және Италияда жеке коллекцияларда жинақталған. Сондықтан танымал суретшіден үйрену үшін көрмеге көркемсурет өнерін үйреніп жүрген бір топ студенттер келіпті. Тынышбек есімді жас жігіт Абай атындағы университеттің көркемсурет факультетінде оқиды. Тынышбек: “маған суретшінің ауыл көріністерін бейнелеуде қолданған түстері өте ұнады” - дейді.

-

Ауылдық жерлердің бояуын жақсы берген. Соған түстерді жақсы таңдап алған.

Ал Бақытжан есімді жас суретшіге Иасссауи Ағытаевтың ауыл табиғатына аналған пейзаждары ұнапты. “Ауыл тақырыбына сурет салуды бастаған мен үшін кәсіби суретшінің тәжірибесі қажет” - дейді Бақытжан -

Кешкі, түскі, таңертеңгі мезгілді жақсы бейнелеген. Мен өзім ауыл тақырыбында сурет салып жүргендіктен мен көрмеге үйрену үшін, тәжірибе алу үшін келдім.

Иассауи Ағытаев алдағы уақытта да алған бағытымнан айнымаймын, тек енді ауыл өміріне арналған этюдтерден бөлек ауыл тақырыбындағы тарихи, пәлсафалық туындылар салсам ба деген ойым бар - дейді.

-

Мен өзім ауылда туып, сонда өскендіктен бұл тақырып менің жаныма жақын және мен бұл тақырыпты жақсы білемін. Алдағы уақытта енді тек этюдтермен шектеліп қалмай, ауыл тарихы мен оның пәлсафасы тұрғысында картиналар салсам ба деймін.

Суретші Иассауи Ағытаевтың көрмесі Алматы қаласының “Ұлар” галереясында желтоқсан айының басына дейін болады.
XS
SM
MD
LG