Accessibility links

Ирақ көтерілісшілері Бағдаттағы полиция бекетіне шабуыл жасады


Қол автоматтары және зымыранмен басқарылатын гранаталармен қаруланған көтерілісшілердің бүгін жасаған шабуылынан Бағдат полиция бекетінің үш офицері қаза болған. Мұндағы сүнні мұсылмандары тұратын аймақта көтерілісшілер АҚШ күштерімен шайқасуда. Осыдан бір күн бұрын АҚШ күштерінің қолдауымен Ирақ әскери күштері Бағдаттағы ең ірі мешітке шабуыл жасаған болатын. Оның кесірінен төрт адам қаза болып, бірнеше ондағаны қамауға алынған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG