Accessibility links

“Иран уран өндіруде” деген хабарға байланысты Құрама Штаттары алаңдаушылық білдіріп отыр


Иран үлкен көлемде уранды байытуға әзірлеуде деген хабар рас болса, онда осы мәселеге байланысты сауалдың қайта көтерілетіндігін АҚШ тарапы айтуда. Ал Иран жағы болса бұл хабар Венадағы дипломаттар тарапынан беріліп отырған жалған ақпарат, дейді. Алдағы дүйсенбіге дейін Иран елі уранды байыту мен оған қатысты барлық әрекеттерін доғаруы тиіс. Бұл жолы шу туғызып отырған гексафлюорид деген газ уранды тазалау үшін қолданылатын сыңайлы. Келесі бейсенбіде Венада басталатын отырысында Атом энергиялық агенттік өкілдері Иранға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан салынуы мүмкін тиым мәселесін талқылайтын болады.
XS
SM
MD
LG