Accessibility links

Кеше көтерілісшілердің Бағдадта ұйымдастырған бірнеше шабуылынан кем дегенде Ирақтың 4 ресми өкілі мен 1 АҚШ жауынгері оққа ұшты


Қаңтар айына белгіленген сайлау алдында елдегі ахуалды тұрақтандыру мақсатында АҚШ армиясы мен Ирақ күштері Бағдад пен басқа қалаларда көтерілісті басу шарасын әрі қарай жалғастыруда. Кеше көтерілісшілер Бағдадта ұйымдастырған бірнеше шабуылдан кем дегенде Ирақтың 4 ресми өкілі мен 1 АҚШ жауынгері оққа ұшты. АҚШ әскерінің қолдауына сүйенген Ирақ күштері кеше Бағдадтағы полиция бөлімшесіне жасалған шабуылды тойтарып, 1 полицей қаза болды. Әл-Арабия телеарнасы көтерілісшілердің аман қалғандары, көбісі жараланған, қаладан қашып жатқанын көрсетті. АҚШ армиясы кеше Мосул қаласында 9 Ирақ жауынгерінің денесін аңғарды.
XS
SM
MD
LG