Accessibility links

Д.Буш: “Ким Джонг Ил – Сіз ядролық қару бағдарламасынан құтылыңыз!”


АҚШ президенті Дж.Буштың мәлімдеуінше, Америка мен оның әріптестері Солтүстік Кәрейді ядролық қару бағдарламасынан бас тартуға көндіру мақсатында алты жақты келіссөзге қайта оралуға тиіс. Сантьягода Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің кезекті 2 күндік бас қосуының сыртынды АҚШ президенті Пхеньянның ядролық бағдарламасы мәселесін Ресей, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кәреймен жеке-жеке екі жақты кездесулерінде талқылады. “Ким Джонг Илге айтарымыз анық: Сіз ядролық қару бағдарламасынан құтылыңыз!” -деп мәлімдеді Дж.Буш.
XS
SM
MD
LG