Accessibility links

Дж.Буш Иранның ядролық қару шығару бағдарламасына алаңдайды


Иран астыртын түрде ядролық қару бағдарламасын жалғастырып жатыр деген хабардың шығуына АҚШ президенті Дж.Буш алаңдаушылық білдірді. Кеше Азия-Тынық мұхит елдерінің экономикалық ынтымақтастығы – АРЕС-ке мүше елдердің Сантьягода кеше басталған жиынында сөз сөйлеген Дж.Буш Иранның ядролық қару жасауға да жарайтын өнім шығаратыны туралы ақпарды “үрейлі хабар” деп атап көрсетті. Еуропалық елдердің Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуға күш салған әрекетіне Дж.Буш жоғары баға берді. Ұлы Британия, Германия және Франциямен таяуда қол жеткен келісімге сәйкес, дүйсенбі күні Иран уранды байыту өндірісін тоқтатуға тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG