Accessibility links

Украинадағы елбасылық сайлаулар барысында саяси тартыстар қыза түсуде


. Бүгін батысшыл бағыттағы үміткер Виктор Юшенконың, әлде кремльшіл үміткер Януковичтің жеңіске жетуі- сайлаушылар таңдауында. Екі жақ та “сайлау ережелерін бұзды” деп бір-бірін айыптады. Кучма мырза өткен түні: “Сайлаулардың екінші сатысының бейбіт түрде өтуін қамтамасыз ету үшін ел өкіметінің қолдан келгеннің барлығын жасайтындығына сіздерді сендіргім келеді. Сайлаулардың демократиялық сипатының демократиялық емес, күш қолдану, яғни көтеріліске айналып кетуіне өкімет жол бермейді”-, деді Кучма мырза. Бұл күні хабарларға қарағанда, кісі өлімі орын алып отыр. Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша Черкасск аймағындағы Молодецка ауылында полиция қызметкері өлтірілген. Мұндағы дауыс берулер сол себеті де уақытша кешеуілдеген екен. Сондай-ақ, Волин аймағындағы бір сайлау бөлімшесінен ресми тізімдер жоғалғандықтан, мұнда да сайлаулар уақытша кеш басталған. Елде 35 мыңнан аса дауыс беру бөлімшелері ашылған екен. Тіркеуден өткен 37 миллион сайлаушылар дауыс беретін болар, деп жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG