Accessibility links

Пауелл Таяу Шығыс келіссөздерін ынталандырып жатыр


АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл кеше кешкісін Таяу Шығысқа келіп жетті, мақсат – жаңа бейбіт келіссөздерді ынталандыру. Тель-Авивке келісімен Пауелл Палестинада жаңа басшы сайлатуға Израил жетекшілерінеде, Палестина жетекшілерінеде сөз саламын деді. Палестина дербес мемлекетін екі тарап неғұрлым тезірек орната бастаса жөн, деді АҚШ министрі. Колин Пауелл Израил басшыларымен бүгін Иерусалим қаласында кездеседі. Бүгін сосын ол Палестина басшыларымен Батыс Жағалаудағы Джерико қаласында кездеседі. Батыс Жағалауда кеше тағы қақтығыс болды, атыс барысында израилдік сарбаздар үш палестиндікті өлтірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG