Accessibility links

Париж клубы Ирақ сыртқы қарыздарының 80 пайызын кешірді


Франция қаржы министрлігінің өкілі Рене Форгью бұл шаруа үш кезеңде іске асады деді, дегенмен егжей-тегжейлі түсініктеме бермеді. Берлин қаласында екі күн бойы жүрген келіссөздердің нәтижесі осындай. Ресей алдымен қарсылық танытып еді, соңында келісім айтты. Париж клубындағы 19 елге Ирақ шамамен 42 миллиард доллар берешек. Ирақ сонымен қатар бірнеше араб үкіметіне шамамен 80 миллиард доллар берешек. Ирақ сыртқы қарыздарын жоюды Америка Құрама Штаттары ұсынған.
XS
SM
MD
LG