Accessibility links

Ирақ болашағына арналған конференция Мысырда басталды


Мысырдың Шарм әл-Шейх атты демалыс орынында басталған Ирақта тұрақтылық орнатуға байланысты халықаралық басқосуға Ирақ делегациясы ұсыныстар пакетін табыс етпекші. Атап айтқанда, шекараларды бекіте түсу, сондай-ақ көршілес елдердегі жауынгерлер әрекеттері жөнінде өзара ақпарат алмасу. Екі күндік пікіралысу барысында Ирақ қарызына байланысты сауалды да көтермекші. Қорытынды қарар жобасында Ирақтағы саяси үдеріске қолдау көрсету ісінде БҰҰ-ның жетекші рөлге ие болуы атап көрсетілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG