Accessibility links

Львов және Тернопиль қалаларының басшылары оппозициядағы үміткер Ющенконы елбасы ретінде танып отыр


Украинаның қос қаласында мұндай шешім Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы тарапынан “бұл сайлаулар әділ өтпеді” деп бағаланғаннан кейін жасалған еді. Мұндай пікірді АҚШ сенаторы Ричард Лугар да білдіруде.

Елбасы сайлауларынан кейін Киев орталығына жиналған мыңдаған адамдардың тарап кетпеуін оппозициядағы үміткер Виктор Ющенко сұрап отыр. Елдің қай аймағында туылғанына қарамастан азаматтар біріге отырып ұлттық таңдауымызды қорғай аламыз, деді ол. Журналистерге берген сұхбатында жексенбі күнгі сайлауларды “әділ өтпеді” деген болатын. “Мен өзімнің жеңісіме сенемін. Бірақ бүгін ресми биліктің бұрмаланған қорытындыларды жариялағанын айтуымыз керек. Біздің білуімізше, Донецк және Луганск аймақтарында сайлаулар өткен жоқ”-, деді Ющенко мырза. Сайлау комиссиясының айтуынша, сайлаушылар бюллетендерінің 93 пайызы есептелген кезде Виктор Януковичке 49,6 пайыз, ал Ющенкоға 46,6 пайыз дауыс тиесілі болып отыр.
XS
SM
MD
LG